Басқа елге сүйіспеншілігін білдірген Сәбина Алтынбекова жанкүйерлеріне жолдау қалдырды (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
01.03.2025, 11:15

Танымал қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова өзінің әлеуметтік желідегі жаңа жазбасын бөлісті.

azattyq-ruhy.kz

Сабина Алтынбекованың мотивациялық сөзі

“Спортшы қалтасында ақшамен емес, жүрегінде үмітпен, басында армандармен жүгіруі керек”, — деп жазды Алтынбекова Instagram парақшасында.

Индонезияға деген сүйіспеншілігін білдірді

Бұған дейін волейболшы Индонезияның “Yogya Falcons” командасындағы маусым қорытындыларын жасап, бұл елге деген сүйіспеншілігін ашық білдірді.

“Мен сені жақсы көремін, “Yogya Falcons”. Мен сені сүйемін, Индонезия!”, — деп жазды Алтынбекова.

Индонезиялық клубтағы мансабы

Айта кетейік, Сәбина Алтынбекова 2024 жылдың қазан айында “Yogya Falcons” командасымен келісімшартқа отырған болатын. Ал желтоқсан айында ол аталмыш индонезиялық команданың капитаны атанғанын хабарлады.