Футзалдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-19) Еуро-2025 чемпионатына іріктеудің негізгі кезеңінде алғашқы ойынын өткізді.
Португалияда өтіп жатқан іріктеу турнирінің бірінші турында Қазақстан Франция құрамасымен кездесіп, 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Қарсылас сапынан Юнес Оубрик (13-минут), Юбе Мохамед Адам (25) және Элиотт Кольски (36) көзге түсті. Қазақстан сапынан жалғыз гол авторы — Әләзиз Қамалов (19).
Қазақстан құрамасы "3" тобына түсті. Бұл топта Франциядан бөлек Беларусь пен Португалия да бар. Келесі қарсыласымыз — турнир иесі Португалия. Бұл кездесу 28 наурызда өтеді. Ал 30 наурыз күні Қазақстан Беларусьпен күш сынасады.Естеріңізге сала кетейік, Еуро-2025 жарысының финалдық кезеңіне әр топтың тек бір жеңімпазы ғана жолдама алады.
Пауло Рикардо Кака Еуро-2025 іріктеу кезеңі аясында Франция U19 құрамасына (1:3) қарсы өткен ойын туралы пікірін айтты.