Белгілі қазақстандық боксшы Ангелина Лукас әлеуметтік желіде ерекше әзіл видеосын жариялап, «Бокс мені өмірде қорғай ала ма?» деген сұраққа креативті жауап берді.
Спортшы жариялаған бейнежазбада Лукасқа көшеде белгісіз біреу шабуыл жасайды. Ол қолындағы сөмкесін бергісі келмей, жаттығулар кезінде үйренген қимылдарын есіне түсіреді. Кейін «көлеңкемен бокстасу» тәсілін көрсеткенімен шабуылшы еш қорықпайды.
Видео астына Ангелина былай деп жазды:
«Бокс маған өмірде қалай көмектеседі? Тренер тек көлеңкемен жұмыс істеуді тапсырғанда осындай жағдай болады».
Желі қолданушылары боксшының әзілін жылы қабылдап, оның позитивті энергиясын атап өтті. Көптеген пікірлерде жанкүйерлер Ангелинаның спортқа да, өмірге де жеңіл көзқарасын жоғары бағалады.
Ангелина Лукас — Қазақстанның ең танымал боксшыларының бірі. Ол өз парақшасында спорт, мотивация және салауатты өмір салтына қатысты контент бөлісіп, жас қыздарға үлгі болып келеді.