Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Тұрсын Алагөзов "Қайратқа" екі жаңа автобус сыйлады

Сарапшы, спорт журналисі
11.10.2025, 18:00

Бұл жаңалық жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық туғызып, елді елең еткізді. 

1bol.kz
Реклама
Реклама

Қазақстандық кәсіпкер Тұрсын Алагөзов ел футболының брендіне айналған «Қайрат» клубына ерекше сый жасады. Кәсіпкер команданың сапалы әрі жайлы жол жүруі үшін екі жаңа заманауи автобусты тарту етті.

Бұл туралы оның жұбайы, продюсер Баян Алагөзова Instagram желісінде жариялады. Жазбада Алагөзовтың бұл сыйлығы клуб ойыншылары мен жанкүйерлеріне арналған шынайы қолдау екені атап өтілген.

«Қайратқа» менің жұбайымнан екі автобус. Алға «Қайрат» — деп жазды Баян Алагөзова.

Скриншот

Бұған дейін де кәсіпкердің спортқа деген ықыласы көпшілікті тәнті еткен еді. Алматы күніне орай жасаған үндеуінде ол «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы басты матчы – «Реал Мадридке» қарсы ойынды ерекше атап өткен болатын.

Сол кезде ол:

«Егер «Қайрат» «Реалды» жеңсе, әрбір ойыншыға автокөлік сыйлаймын!» — деп мәлімдеген еді.

Бұл уәде әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, жанкүйерлер арасында нағыз мотивация көзіне айналды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары