Ламин Ямальдың әкесі 23 жастағы аруға үйленгелі жатыр
«Барселонаның» жас жұлдызы Ламин Ямальдың әкесі Мунир Насрауи жақында екінші рет үйленетінін меңзеді.
Мунир Насрауи екінші рет отбасын құруға дайын
Marca басылымының жазуынша, 39 жастағы Мунир өзінен 16 жас кіші Кристина есімді бойжеткенге үйленуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында болашақ жарының суретін жариялау арқылы ишара білдірген.
Мунир Насрауи бұрын Ямальдың анасы Шейла Эбанмен некеде болған. Ерлі-зайыптылар ұлдары үш жасқа толғанда ажырасқан.
Соған қарамастан бұрынғы әйелі Мунирге ұлын тәрбиелеуге мүмкіндік беріп, әке мен бала арасындағы қарым-қатынастың үзілмеуіне жағдай жасаған.
Анықтама үшін
Ламин Ямаль — «Барселона» мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы.
Ол 2023 жылы Испания сапында дебют жасап, Еуропадағы ең жас ойыншылардың бірі атанды.
Әкесі Мунир Насрауи — марокколық текті азамат, Испанияда тұрады.