Миланның атақты футбол клубы сонымен қатар, қазақша ән қолданған.
Миланның атақты футбол клубы «Интер» ресми Instagram парақшасында алғаш рет қазақ тілінде жазба жариялады. Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясындағы “Қайратқа” қарсы матч алдында миландықтар осылай тосынсый жасады.
«Simeone derbide naqtylyq pen qabiletke toly gól soqty. Osyndaı kontent úshin follai bas».
Бұл жазба — «Интердің» тарихындағы алғашқы қазақ тіліндегі жарияланым.
Клуб осылайша Қазақстандағы жанкүйерлерін құрметтеп, алдағы ойынның маңызын ерекше атап өтті.
Жазбаға қазақша әуен қосылған видео тіркелген. Онда команданың соңғы жаттығулары мен Симеоненың әсерлі голы көрсетіледі. Кадрлар заманауи стильде жасалып, жанкүйерлердің қызығушылығын арттырды.
Пост бірнеше сағат ішінде мыңдаған лайк жинап, пікірлердің басым бөлігі қазақ тілінде қалдырылған.