Ағайынды Сабырхандар баспана сыйлады (ВИДЕО)
Белгілі қазақстандық былғары қолғап шебері, екі мәрте әлем чемпионы Махмұд Сабырхан туған інісі Төреханмен бірге қайырымдылық қоры арқылы көпбалалы отбасыға жаңа пәтердің кілтін табыс етті.
Instagram/@sabyrkhantorekhan
Бұл қуанышты жаңалық қайырымдылық қордың Instagram парақшасында жарияланды.
«Сүйінші, қазақ елі! 1511-баспана 6 балалы Тоғжан есімді анамыздың отбасына табысталды. Жаңа баспана құтты болсын!», – делінген жазбада.
Салтанатты рәсімде пәтер кілтін спортшы ағайындылар өздері тапсырған.
Айта кетсек, жуырда екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан екінші рет шаңырақ көтерді. Оның жары — Айғаным Ержігітова. Бұған дейін боксшы Назым Мырзағалиқызымен некеде болып, бір ұл тәрбиелеп келеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet