"Интер" қазақша сөйледі: Миландықтар ерекше жазба жариялады

Сарапшы, спорт журналисі

Миланның атақты футбол клубы сонымен қатар, қазақша ән қолданған.

"Интер" қазақша сөйледі: Миландықтар ерекше жазба жариялады
Tribuna.com

Миланның атақты футбол клубы «Интер» ресми Instagram парақшасында алғаш рет қазақ тілінде жазба жариялады. Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясындағы “Қайратқа” қарсы матч алдында миландықтар осылай тосынсый жасады.

«Simeone derbide naqtylyq pen qabiletke toly gól soqty. Osyndaı kontent úshin follai bas».

Бұл жазба — «Интердің» тарихындағы алғашқы қазақ тіліндегі жарияланым.

Клуб осылайша Қазақстандағы жанкүйерлерін құрметтеп, алдағы ойынның маңызын ерекше атап өтті.

Қазақ әуенімен безендірілген видео

Жазбаға қазақша әуен қосылған видео тіркелген. Онда команданың соңғы жаттығулары мен Симеоненың әсерлі голы көрсетіледі. Кадрлар заманауи стильде жасалып, жанкүйерлердің қызығушылығын арттырды.

Пост бірнеше сағат ішінде мыңдаған лайк жинап, пікірлердің басым бөлігі қазақ тілінде қалдырылған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір