Сидней Олимпиадасының чемпионы, Атланта ойындарының қола жүлдегері Ермахан Ыбырайымов өміріндегі шынайы әрі көпшілікке беймәлім жайттардың бірін бөлісті. Ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында туыстары мен жақындарының мәселесіне араша түскен кездері жайлы айтып, кей жағдайда күш қолдануға тура келгенін жасырмады.
Тәжірибелі спортшының айтуынша, спорттағы жылдар бойғы дайындық оған қиын жағдайда тез әрекет ету қабілетін қалыптастырған.
«КСРО спорт шебері атанған соң қолымнан біраз нәрсе келетін. Жұдырығым – менің басты қаруым болды. «Разборка» деген дүниелерге барған кезде алдымен бәрін тыңдаймын. Егер біздің жақ кінәлі болса, “қателігімізді түзетуіміз керек” деп әділін айтамын. Ал сөзге тоқтамай, жағдай ушығып кетсе, онда мәселе басқаша шешілетін. Кейде маған “осы жерден тоқтат” дейді. Қалай тоқтатасың? Кейде жұдырықпен тоқтатуға тура келетін», – деді Ыбырайымов.
Оның сөзінше, мұндай жағдайлар сирек болғанымен спорттағы тәртіп пен күш көптеген мәселеге нүкте қойып отырған.
Ермахан Ыбырайымов —
Ол 2000 жылғы Олимпиададан кейін бәсекелес рингтерден қол үзіп, спорттық мансабын аяқтады. Ал 2002–2004 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарып, ел боксының дамуына үлес қосты.