Өзбекстандық дзюдо жұлдызы, 2024 жылғы Олимпиада чемпионы Диёра Келдиёрова үш айлық қызының көз алдында жаттығып жатқан сәтін Instagram-парақшасында көрсетті.
Видеода Келдиёрова жаттығу залында әртүрлі қозғалыстар жасап, физикалық дайындығын шыңдап жатыр. Ең қызығы – оның үш айлық қызы дәл сол татамиде, анасының жанында жайғасып, тыныш қана бақылап отыр.
Жазбаға дзюдошы қысқа ғана, бірақ әсерлі сипаттама қалдырған:
«Менің ең үлкен қолдауым», – деп жазды Олимпиада чемпионы.
Осылайша Келдиёрова спорт пен аналық міндетті қатар алып жүруге болатындығын өз мысалында көрсетіп отыр.
Бір тәулік ішінде видеоға 77 мыңнан астам «ұнайды» белгісі қойылған. Пікірлер бөлімінде жанкүйерлер де, қарапайым оқырмандар да чемпионға құрмет білдіріп, оның ықпалы мен үлгісін ерекше атап өтуде.
Пайдаланушылардың кейбір пікірлері:
Көптеген жанкүйерлер бұл кадрлардың өздеріне қосымша мотивация сыйлағанын жазып қалдырған.
Еске сала кетейік, Диёра Келдиёрова 2024 жылғы Париж Олимпиадасында дзюдо жанкүйерлерін таңғалдырған сенсациялардың бірін жасаған еді.
1/16 финалда ол Токио-2020 Олимпиадасының чемпионы, жапониялық Ута Абэны таза жеңіспен — иппон 10:1 есебімен ұтты. Ал финалда Косоводан келген мықты дзюдошы Дистрия Красничиді жеңіп, Олимпиаданың алтын жүлдесін еншіледі.
Содан бері Келдиёрова ТМД кеңістігіндегі ең танымал әйел дзюдошылардың бірі атанып, енді жас аналардың да үлгісіне айналып отыр.