Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Ислам Махачев Нью-Йорк билігінің қаһарына ілікті

Сарапшы, спорт журналисі

Аралас жекпе-жек шеберінің командасы жауапқа тартылуы мүмкін. Қазір тергеу жүріп жатыр. 

Ислам Махачев Нью-Йорк билігінің қаһарына ілікті
sovsport.ru

UFC 322 турнирінен кейінгі жанжал Нью-Йорк билігінің назарынан тыс қалмады. Мэр Эрик Адамс Ислам Махачев командасы мен Диллон Дэнис арасындағы төбелеске қатысқан барлық тұлғалар міндетті түрде жазаланатынын айтты.

UFC әлемі бұл оқиғаны сабырға салып отырса да, Нью-Йорк қаласының басшысы Эрик Адамс қатаң позициясын жариялады. Мэрдің айтуынша, әйгілі аренаның аумағындағы жанжал — қатаң шара қолдануды талап ететін құқықбұзушылық.

«Madison Square Garden-де болған оқиға — мүлде ақылға қонбайтын жағдай. Нью-Йорк полиция департаменті толыққанды тергеу жүргізіп жатыр. Барлық кінәлілер жауапқа тартылады», — деп жазды 22 жыл Нью-Йорк полициясында қызмет еткен Эрик Адамс.

Бұл жаңалық ең алдымен төбелеске қатысқан Махачев командасының мүшелерін алаңдатады. Әсіресе, UFC-дегі дебюті күтіліп отырған Магомед Зайнуков үшін жағдай қиын болуы мүмкін. Егер оған АҚШ-та қылмыстық айып тағылса, елге кіру құқығы шектеледі.

Нью-Йорк жұлдыздарды да аямайды

2018 жылы Конор МакГрегор автобустың терезесіне жүк арбасын лақтырып, Хабиб Нұрмагомедов командасына шабуыл жасаған кезде де, Нью-Йорк соты бұл істі тергеуге алып, адвокат жалдауға мәжбүр еткен.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір