Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Олимпиада чемпионы үш айлық сәбиімен жаттығып, желіні тәнті етті

Сарапшы, спорт журналисі

Өзбекстандық дзюдо жұлдызы, 2024 жылғы Олимпиада чемпионы Диёра Келдиёрова үш айлық қызының көз алдында жаттығып жатқан сәтін Instagram-парақшасында көрсетті.

Олимпиада чемпионы үш айлық сәбиімен жаттығып, желіні тәнті етті
instagram/@diyora_keldiyorova

Үш айлық «тірі мотивация»: баласымен бірге татамиде

Видеода Келдиёрова жаттығу залында әртүрлі қозғалыстар жасап, физикалық дайындығын шыңдап жатыр. Ең қызығы – оның үш айлық қызы дәл сол татамиде, анасының жанында жайғасып, тыныш қана бақылап отыр.

Жазбаға дзюдошы қысқа ғана, бірақ әсерлі сипаттама қалдырған:

«Менің ең үлкен қолдауым», – деп жазды Олимпиада чемпионы.

Осылайша Келдиёрова спорт пен аналық міндетті қатар алып жүруге болатындығын өз мысалында көрсетіп отыр.

77 мыңнан астам лайк және жүрекжарды пікірлер

Бір тәулік ішінде видеоға 77 мыңнан астам «ұнайды» белгісі қойылған. Пікірлер бөлімінде жанкүйерлер де, қарапайым оқырмандар да чемпионға құрмет білдіріп, оның ықпалы мен үлгісін ерекше атап өтуде.

Пайдаланушылардың кейбір пікірлері:

  • «Сіз жай ғана спортшы емессіз, нағыз күш символысыз. Өз жолыңызбен шабыт беретін қаһармансыз»;
  • «Тағы бір чемпионды өсіріп келе жатырсыз»;
  • «Қызыңыз да болашақта Олимпиада чемпионы болсын».

Көптеген жанкүйерлер бұл кадрлардың өздеріне қосымша мотивация сыйлағанын жазып қалдырған.

Париждегі сенсация: Келдиёрованы Олимпиада чемпионы еткен жол

Еске сала кетейік, Диёра Келдиёрова 2024 жылғы Париж Олимпиадасында дзюдо жанкүйерлерін таңғалдырған сенсациялардың бірін жасаған еді.

1/16 финалда ол Токио-2020 Олимпиадасының чемпионы, жапониялық Ута Абэны таза жеңіспен — иппон 10:1 есебімен ұтты. Ал финалда Косоводан келген мықты дзюдошы Дистрия Красничиді жеңіп, Олимпиаданың алтын жүлдесін еншіледі.

Содан бері Келдиёрова ТМД кеңістігіндегі ең танымал әйел дзюдошылардың бірі атанып, енді жас аналардың да үлгісіне айналып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір