Асаубаева өзбекстандық жас жұлдызбен қарым-қатынасы туралы сұраққа жауап берді
29.11.2025, 17:50
Қазақстанның танымал шахматшысы Бибісара Асаубаева Instagram-дағы жанкүйерлерінің бірінен келген жеке сұраққа әзілмен жауап берді.
коллаж penalty.kz
Бибисара Асаубаева жеке өміріне қатысты не деді?
Желі қолданушысы спортшыдан:
— «Сізді Синдаровпен шиперлейді», — деп сұрақ қойған.
Асаубаева бұл пікірге былай деп жауап берді:
«Иә, ол қазір шынымен жұлдыз. Сұрақтардың 90 пайызы оған қатысты. Бірақ мұндай жағдайда мен қалған 10 пайызына жауап бергенді жөн көремін (күледі)», — деді Асаубаева.
Джавохир Синдаров кім?
Өзбекстан спорт әлемінің қарқынды өсіп келе жатқан жұлдыздарының бірі — Джавохир Синдаров, халықаралық гроссмейстер.
Оның жетістіктері:
- 19 жасында шахмат тарихындағы ең жас әлем кубогының жеңімпазы атанды;
- 2026 жылғы үміткерлер турниріне жолдама алды;
- 2022 жылғы Шахмат олимпиадасында Өзбекстан құрамасына алғаш рет командалық чемпиондықты жеңіп алуға көмектесті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама