Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Әлем чемпионы атанған отандық боксшы қымбат сыйлығын көрсетті

Сарапшы, спорт журналисі
01.12.2025, 20:36

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшыларының бірі, әлем чемпионы Наталья Богданова жанкүйерлерімен қуанышын бөлісті. 

instagram/@bogdanova_99
Реклама
Реклама

Әлем чемпионы өзіне қымбат сый жасады

Ливерпульдегі World Boxing әлем чемпионатында топ жарған Наталья Богданова әлеуметтік желіде жаңа көлігінің суретін жариялады. Боксшы Toyota Land Cruiser Prado маркалы жол талғамайтын көлік сатып алғанын айтты.

Наталья инстаграм парақшасында бұл көлікке қарапайым «сатып алу» ретінде емес, өзінің еңбегі мен табандылығының жемісі ретінде қарайтынын жазды.

Ол әсерлі жазбасында былай деп бөлісті:

«Ураа! Мен көлік сатып алдым!

Жол оңай болған жоқ: күмән, қиындықтар, бәрін тастап кеткім келген сәттер болды… Бірақ мен берілмедім. Әр қадам, әр кішкентай жеңіс мені осы күнге алып келді.

Құттықтауларыңызға, жылы сөздеріңізге, қолдауларыңызға үлкен рақмет – бәрі шабыт беріп, жүректі жылатады.

Бұл көлік жаңа жолдардың, жарқын әсерлердің және үлкен жеңістердің бастамасы болсын. Әр сапар маған: «Егер сенсең және әрекет етсең – бәрі мүмкін» екендігін еске салып тұрсын».

Еңбекпен келген Prado: бағасы ондаған миллионға жетеді

Қазақстан нарығындағы мәліметтерге сәйкес, Toyota Land Cruiser Prado маркалы көліктердің бағасы шамамен 30 миллион теңгеден басталады. Яғни Богданованың жаңа темір тұлпары – шынымен де ондаған миллион теңге тұратын сыйлық.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары