Қазақстандық танымал волейболшы, әлеуметтік желілердің жұлдызы Сәбина Алтынбекова Instagram-парақшасында тағы да ерекше жазбасымен көзге түсті. Спортшы сторисінде өзіне тән жеңіл әзілмен: «Сары түс анық мені қуалап жүр» деген мазмұнда ой бөлісіп, жанкүйерлерін күлдірді.
Сәбинаны біраз жылдан бері қадағалап жүргендер үшін бұл әзіл түсінікті. Ол әртүрлі командаларда ойнаса да, көбіне сары түсті формада алаңға шығады.
Сол себепті волейболшының «Сары түс мені әрдайым қуып жетеді» деген қалжыңы жанкүйерлер арасында тез таралып, қызу талқыланды.
Әлеуметтік желіде көбіне оның сымбаты, стильді образдары, фотосессиялары талқыланғанымен Сәбина жастарға спортты, белсенді өмір салтын, қыздарға өзін бағалау мен ішкі сенімді, жанкүйерлерге волейбол мәдениетін насихаттап келеді.
Стористегі бір ғана қысқа әзілдің өзі оның жанкүйерлермен еркін, достық форматта сөйлесетінін тағы бір рет көрсетті.