Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Түркістанда Сәкен Бибосыновқа ерекше құрмет көрсетілді

Сарапшы, спорт журналисі
30.12.2025, 11:03

Түркістанда Жаңа жыл қарсаңында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров әлем чемпионаттарының жеңімпазы мен жүлдегерін марапаттап, оларға жаңа автокөліктердің кілтін табыстады.

Фото: Otyrar
Реклама
Реклама

Бұл туралы Otyrar хабарлады.

Құрметті марапаттарға бокстан екі дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосынов пен каратэден әлем чемпионатының қола жүлдегері Әсел Қанай ие болды.

Өңір басшысы спортшылардың ел спортының дамуына қосқан үлесін атап өтіп, оларды жоғары деңгейде дайындаған бапкерлер мен ата-аналарға алғыс білдірді.

Фото: Otyrar telegram-каналы

Бұған дейін Сәкен Бибосынов Орталық Азия инновациялық университетінде салтанатты түрде құрметтелген болатын. Спортшы — осы оқу орнының түлегі. Айрықша спорттық жетістіктері үшін Сәкенге ақ боз тай сыйға тартылып, иығына шапан жабылып, 2 миллион теңгелік сертификат табысталды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары