Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Шымкентте әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа ақбоз ат мінгізді

Сарапшы, спорт журналисі

Сонымен қатар, 2 миллион теңге көлеміндегі сертификат табысталды.

Шымкент қаласында бокстан әлем чемпионы атанған Сәкен Бибосыновты салтанатты түрде құттықтау рәсімі өтті. Құттықтау кеші Орталық Азия инновациялық университетінде өтті. Айта кетейік, атақты боксшы — осы жоғары оқу орнының түлегі.

Іс-шара барысында Сәкен Бибосыновқа ақбоз ат сыйға тартылды. Иығына қазақтың ұлттық шапаны жабылды. Сонымен қатар, 2 миллион теңге көлеміндегі сертификат табысталды.

Салтанатты рәсім кезінде әлем чемпионы жиналған қауымға алғыс білдірді.

«Ең құнды сыйлық - ат та емес, көлік те емес, пәтер де, үй де емес. Ең бастысы - адамдардың шынайы ықыласы мен жылы лебізі. Сол үшін баршаңызға үлкен алғыс айтамын. Мен үшін нағыз сыйлық - осы», — деді Сәкен Бибосынов.

Еске салайық, Сәкен Бибосынов Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда ол ресейлік Вячеслав Рогозинді жеңіп, айқастың екінші раундында қарсыласын нокдаунға түсірген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір