Реклама
Реклама

Әлем чемпионына іздеу жарияланды

Сарапшы, спорт журналисі
16.01.2026, 10:27

Джервонта Дэвиске бұрынғы сүйіктісіне күш қолданған. 

mma.metaratings.ru

Үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған, жеңіліс көрмеген америкалық боксшы Джервонта Дэвиске ауыр қылмыстық айып тағылған еді. 

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Дэвис бұрынғы сүйіктісі Кортни Росселге күш қолданды және оны ұрлауға әрекет жасады деген күдікке ілінген. Оқиға 2025 жылдың 27 қазанында АҚШ-тың Майами-Гарденс қаласында болған.

Оқиға қалай өрбіді?

Мәліметтерге сүйенсек, Джервонта Дэвис Кортни Россел жұмыс істейтін ерлер клубына келіп, VIP-аймақта даяшы болып жүрген қызға шабуыл жасаған. Ол Росселді бейнебақылау камералары жоқ қосалқы бөлмеге кіргізіп, сол жерде күш қолданған. Кейін боксшы қызды артқы есік арқылы сүйреп шығарып, автотұраққа апарып ұрғаны айтылады.

Құқық қорғау органдары клуб ішіндегі және сырттағы бейнебақылау камераларын қарап, болған жайтты растаған. Осыдан кейін Джервонта Дэвиске ресми түрде іздеу жарияланды.

Айта кетейік, 2025 жылдың қараша айында Джервонта Дэвис пен америкалық боксшы-блогер Джейк Пол арасында жекпе-жегі өтуі тиіс болған. Алайда Дэвиске отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты айып тағылғаннан кейін бұл жекпе-жек ресми түрде тоқтатылды.

Реклама
Реклама