Футбол клубы жуырда «Болашаққа үміт» атты әлеуметтік бастаманы іске қосқан болатын. Соның аясында ойыншылардың жалақысының бір бөлігі қайырымдылыққа жұмсалмақ.
Ыстамбұлдың әйгілі «Фенербахче» футбол клубы «Болашаққа үміт» атты әлеуметтік бастаманы іске қосқанын ресми түрде хабарлады. Жоба аясында клуб ойыншыларының жалақысының бір бөлігі әлеуметтік қолдауға мұқтаж балаларға бағытталмақ.
Клубтың мәлімдеуінше, негізгі құрамдағы футболшылардың жалақысының 1 пайызы қайырымдылық мақсаттарға аударылады. Яғни бұл қаражат аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды қолдауға жұмсалады.
«Фенербахче» басшылығы трансфер нарығында да осы бастамаға басымдық беретінін атап өтті. Клуб әлеуметтік жобаға қатысуға дайын емес ойыншылармен келіссөз жүргізбейтінін мәлімдеді. Алайда бұл талаптың қазіргі құрамдағы футболшыларға да міндетті түрде қолданылатыны әзірге нақтыланған жоқ.
Түркиялық БАҚ деректеріне сүйенсек, бастаманы бірқатар танымал футболшы әлеуметтік желіде ашық қолдады. Олардың қатарында: