Реклама
Реклама

Қазақстандық қыздар Еркебұлан Тоқтарға миллиондап ақша жіберіп, "қалың мал" уәде етті

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 22:44

Қазақстандық актер әрі ММА файтері Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желідегі жаңа жазбасымен көпшіліктің назарын аудартты. 

instagram/@erkebulan_toktar

Майамидегі қымбат дүкен және "Gucci" пакеті

Тоқтар Instagram парақшасында АҚШ-тың Майами қаласындағы қымбат дүкендердің бірінен сауда жасап жүрген видеосын жариялаған. Кадрдан спортшының қолындағы "Gucci" брендінің фирмалық пакеті де анық көрінеді.

Видеода Еркебұланның жанкүйері Арайлым есімді қыздың оның есепшотына 1 миллион теңге аударып, туған күнімен құттықтағаны айтылған. Сонымен бірге Тоқтар өзіне "қалың мал" беруге уәде ететіндер бар екенін де жеткізген.

Желіге тараған видеода файтер бұл жағдайға қатысты әзіл-шыны аралас пікір білдіреді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта қыздардың мұндай қадамы жиілеп кеткенін меңзейді.

Тоқтар қазір қайда жүр?

Қазір Еркебұлан Тоқтар Майамиде жүр және әлемге танымал American Top Team залында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Бұған дейін ол өзбекстандық Шахзод Узоковпен (лақап аты — "Голд") жекпе-жек өткізуге келісімшарт жасаған. Алайда кездесудің нақты күні әзірге жарияланған жоқ.

Реклама
Реклама