Реклама
Реклама

UFC президенті футболды "бейшара" спорт деп атады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:50

UFC басшысы Дана Уайт футболға қарағанда хоккейді сыйлайтынын сөз етті. Тіпті Криштиану Роналдумен сыйласқанына қарамастан, футболдың жанкүйері емес екенін де атап өтті.

Коллаж

UFC президенті Дана Уайт футболды ең сәтсіз спорт түрі деп санайтынын ашық айтты. Бұл туралы ол Big Boy TV арнасына берген сұхбатында мәлім етті. 

Ол АҚШ-та 2026 жылдың жазында басталатын футбол чемпионатына қызықпайтынын жеткізді.

"Бұдан 15 жыл бұрын-ақ футболды ең бейшара спорт түрі деп айтқанмын. Хоккей туралы сөйлескен дұрыс, мен ол спортты да қатты жақсы көрмеймін. Бірақ онда жігіттер сағатына жүз миль жылдамдықпен ұшады, қақпа адам көлеміндей ғана, әрі сені кез келген сәтте қағып кетуі мүмкін. Мен Криштиану Роналдуды жақсы көремін, онымен қарым-қатынасым да тамаша. Алайда бар құрметіне қарамастан, мен футболдың жанкүйері емеспін", – деді Дана Уайт.

Айта кетелік, 25 қаңтарға қараған түні Лас-Вегаста (АҚШ) UFC 324 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Джастин Гейджи мен Пэдди Пимблетт жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық белбеу үшін айқасады. 

Реклама
Реклама