Реклама
Реклама

Сәбина Алтынбекова болашағы жайлы мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі
18.02.2026, 10:40

Еліміздің ең танымал волейболшысы елордалық клубпен волейболдық маусым аяқталмай тұрып, келісімшартты бұзғаны белгілі болды.

Сәбина Алтынбекова

Қазақстандық танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова өзінің спорттық болашағына қатысты пікір білдірді.

"Қазақстандағы волейбол маусымы бір айдан кейін аяқталады. Белгілі бір себептерге байланысты мен оны мерзімінен бұрын аяқтауды шештім.

Мансабымды жалғастырамын ба? Әрине. Жаңалық күтіңіздер", — деп жазды Алтынбекова Instagram-дағы сторисінде.

Алтынбекованың мансабы жайлы

Еске салайық, Сәбина Алтынбекова өткен жазда 4 жыл шетелде ойнағаннан кейін Қазақстанға оралып, "Астана" клубымен келісімшарт жасаған. Алайда елордалықтар биылғы маусымда Ұлттық лигада 17 ойын өткізіп, бірде-бір ұпай еншілеген жоқ.

Ол Қазақстанға Индонезияның "Yogya Falcons" клубынан оралған болатын. Бұған дейін волейболшы Жапонияның "GSS Sunbeams" командасында, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінің "Әл-Васл" клубында өнер көрсетті.

Айта кетейік, "Әл-Васл" сапында Алтынбекова Араб лигасының чемпионы атанып, халықаралық деңгейде табысқа жеткен. Сәбина Алтынбекова тек спорттық көрсеткіштерімен ғана емес, әлеуметтік желідегі белсенділігімен де кең танымал. Қазіргі уақытта оның алдағы мансабы қай клубта жалғасатыны әзірге белгісіз.

Реклама
Реклама