Реклама
Реклама

Михаил Шайдоров Снуп Доггпен билеп, желіні "жарды" (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
18.02.2026, 21:28

Миландағы Олимпиада атмосферасы тағы бір тосын коллаборациямен қызды. Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров әлемдік хип-хоп жұлдызы Снуп Доггпен бірге видеоға түсіп, әлеуметтік желі қолданушыларын дүр сілкіндірді.

видеодан скриншот

Дуомо жанындағы кездесу: жылы әңгіме, кейін — би

Шайдоров пен Снуп Догг Миланның басты символдарының бірі — Дуомо соборының алдында журналистер алдында суретке түсіп, артынша қысқа әңгімелескен. Кейін қос кейіпкер Снуптың көпшілікке таныс "фирмалық" би қимылдарын қайталап, көңілді сәт сыйлайды. Ролик соңында рэпер қазақстандық спортшыны құшақтап, жылы қоштасады.

Снуп Догг Олимпиадада қандай рөлде жүр?

Италиядағы 2026 қысқы Олимпиадасында Снуп Догг тек медиа жоба үшін емес, бірнеше ресми міндетті қатар алып жүр:

  • Team USA құрамасының "құрметті жаттықтырушысы" ретінде қатысып жүр;
  • Уолл-стрит Джорнэл, NBC арнасының арнайы тілшісі ретінде Олимпиада оқиғаларын жариялап келеді;
  • Олимпиадалық бағдарламаларға қатысып, жанкүйерлермен әрі спортшылармен жиі бірге көрініп жүр.

Шайдоровтың тарихи жеңісі

Михаил Шайдоров ерлер арасындағы жекелей сырғанауда қысқа бағдарламадан кейін 5-орында болғанына қарамастан еркін бағдарламада қарқынын күшейтіп, сенсациялық алтын алып шықты. Бұл — Қазақстан үшін мәнерлеп сырғанаудан Олимпиададағы тұңғыш алтын (және жалпы қысқы ойындар тарихындағы аса маңызды жетістіктердің бірі) ретінде бағаланып отыр.

Реклама
Реклама