Реклама
Реклама

Медальсіз оралған Софья Самоделкинаға Астанадан пәтер берілді

Сарапшы, спорт журналисі
25.02.2026, 10:15

Олимпиада-2026 қорытындысы бойынша жүлдеге іліге алмаған Софья Самоделкинаға елге оралғаннан кейін Астанадан пәтердің сертификаты табысталды.

Софья Самоделкина. Фото: ҰОК

Тұғыр бұйырмаса да, сыйақы бұйырды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен Олимпиада ойындарына қатысқаны үшін қомақты сыйақыға ие болды.

Олимпиададан елге оралғаннан кейін 19 жастағы спортшыға салтанатты түрде Астанадан бір бөлмелі пәтердің сертификаты табысталды. Айта кетейік, Миланда өткен Олимпиада-2026 ойындарының басты триумфаторы, тағы бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров "алтын" медалі үшін елордадан үш бөлмелі пәтерге ие болды.

Нәтиже қандай?

Еске салсақ, Софья Самоделкина Олимпиада-2026-да қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша оныншы орынды иеленді. Бұл нәтиже оған ISU World Standings ресми әлемдік рейтингінде 21-орыннан 17-орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Бұл — Софьяның мансабындағы үздік көрсеткіш.

Реклама
Реклама