Жуырда Олимпиада чемпионын Астана әуежайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Олимпиада-2026 чемпионы Михаил Шайдоров елге оралды. Спортшы Астанада ресми қарсы алу рәсімі өтті. Салтанатты шара елорда әуежайында ұйымдастырылды.
Чемпионды қарсы алуға БАҚ өкілдері, Туризм және спорт министрлігінің қызметкерлері, Ұлттық олимпиадалық комитет мүшелері мен жанкүйерлер жиналды.
Рәсім барысында Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин сөз сөйлеп, спортшының жетістігін жоғары бағалады.
Дәл осы шара барысында мәнерлеп сырғанаушыға үш бөлмелі пәтер сертификаты табысталды.
Айта кетейік, Михаил Шайдоровтың Милан мен Кортинада өткен Олимпиада-2026 ойындарындағы алтын медалі – Қазақстан мәнерлеп сырғанауы тарихындағы алғашқы Олимпиада алтыны.