UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов әлеуметтік желіде аңшылықтан түскен жаңа суретін жариялап, жанкүйерлер назарын өзіне қайта аударды.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, UFC файтері Шавкат Рахмонов өзінің Instagram парақшасында жаңа жазбасын жариялады. Белгілі спортшы бұл жолы көпшілікті жекпе-жек жаңалығымен емес, жеке хоббиімен қызықтырды.
Желіде жарияланған кадрдан Рахмоновтың таулы аймақта аңшылық кезінде жүргенін көруге болады. Суретте ол қарумен атысқа дайындалған қалыпта бейнеленген.
Шавкат Рахмонов сторисінде қысқа, бірақ назар аударарлық жазба қалдырған:
“Аңшылық — бұл ауру. Бақытына қарай, онымен бәрі бірдей ауырмайды”.

Бұл сөз спортшының табиғатқа жақын демалыс пен экстремалды хоббиге ерекше қызығушылық танытатынын тағы бір мәрте аңғартты.
Айта кету керек, UFC өкілі бұған дейін де бірнеше рет аңшылықтан суреттер жариялаған болатын. Шавкаттың өзі табиғат аясында серуендеу мен аңшылықты сүйікті хоббилерінің бірі ретінде бірнеше мәрте атаған.
Сондықтан бұл жолғы жазба оның ескі әдетіне қайта оралғанын байқатады.
Қазір Шавкат Рахмонов UFC-дегі соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізді. Ол Лас-Вегастағы UFC 310 турнирінде ирландиялық файтер Иэн Гэрримен кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен еді.