Тұрмысқа шығатын Әбиба Әбужақынова мансабы туралы күтпеген шешім қабылдады

Сарапшы, спорт журналисі
25.03.2026, 23:34

Қазақстандық дзюдошы, ел құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова жеке өміріндегі маңызды жаңалықтан кейін спорттық мансабы жайлы мәлімдеме жасады.

instagram/@abiba48

Спорттан кетпейді

Қазақстандық спортшы Instagram желісіндегі сторисінде болашақ жары түсірілген суретті жариялап, жанкүйерлер көкейіндегі басты сауалға жауап берді. Фотоға Әбужақынованың таңдаулысының жүзі смайликпен жабылған, ал қолында раушан гүлі шоғы көрінеді.

Әбиба суретке:

"Мен әлі спорттан кеткенім жоқ, тағы 3–4 жыл күресемін, иншаАллах. LA 2028", — деп жазды.

Осылайша қазақ қызы алдағы бірнеше жылда дзюдодағы кәсіби жолын жалғастыратынын ашық айтты.

Бұған дейін Әбиба Әбужақынова сүйіктісінің өзіне үйленуге ұсыныс жасағанын хабарлаған. Спортшы бұл ұсынысқа келісімін беріп, қуанышты жаңалығын көпшілікке жария етті.

Әбужақынованың жетістіктері

Қазір Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде IJF рейтингінің бірінші сатысында тұр.

Спортшының мансабындағы басты жетістіктері:

  • 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесі
  • 2022 және 2024 жылғы әлем чемпионаттарының қола медальдары
  • Париж-2024 Олимпиадасында жартылай финалға дейін жетуі
  • Франция астанасында өткен Олимпиадада Абиба 48 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға дейін жетіп, кейін қола медаль үшін белдесуде швециялық дзюдошы Тара Бабулфатқа жол берді.
Реклама
Реклама