Белгілі дзюдошы әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше суреттер жариялап, жанкүйерлерін жағымды жаңалықпен қуантты.
Жарияланған фотолардың бірінде классикалық қара костюм киген, қолында қып-қызыл раушан гүлдерінің үлкен шоғын ұстаған азамат спортшының қолынан ұстап тұрғанын байқауға болады. Алайда Әбужақынова болашақ жұбайының жүзін көрсетпеуді жөн көрген.
Спортшы бұл жазбасына "Мен “иә” дедім!" деп қысқа да нұсқа жазба қалдырған. Сондай-ақ жазбаға неке жүзігінің белгісін қойған.
Әбиба Әбужақынова — Қазақстан әйелдер құрамасының басты көшбасшыларының бірі. Ол 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын абыроймен қорғап жүрген таңдаулы балуандардың қатарында.
2026 жылдың наурыз айындағы мәлімет бойынша IJF әлемдік рейтингінде екінші орында тұр.
Әбиба Әбужақынованың спорттық мансабында бірнеше маңызды табыс бар. Атап айтқанда: