Қуат Хамитов ауруханаға түсіп қалды
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов ауруханаға жатқызылды.
Ауруханаға түскенін хабарлады
Қазақстанға танымал ММА файтері Қуат Хамитов ауруханаға түскенін Instagram парақшасы арқылы мәлім етті. Спортшы сторис бөлімінде ауруханадан түсірілген суретін жариялап, қысқа ғана жазба қалдырған. Ол өз жазбасында:
“Менімен үнемі бірдеңе болып жатады...” деп жазған.
Бұл жазба жанкүйерлер арасында алаңдаушылық туғызды. Алайда файтердің нақты қандай себеппен ауруханаға түскені әзірге ресми түрде айтылған жоқ.

“Найманның” жағдайы жанкүйерлерді алаңдатты
Қуат Хамитов спорт әлемінде “Найман” лақап атымен кеңінен танымал. Ол әлеуметтік желідегі белсенділігімен, ашық мәлімдемелерімен және жанкүйерлермен тікелей байланыс орнатуымен жиі назарға ілігіп жүреді.
Сондықтан оның ауруханадан жариялаған суреті көпшіліктің назарын бірден өзіне аударды.
Қуат Хамитов соңғы жекпе-жегін 2026 жылдың 15 ақпанында өткізді. Ол Грузияның Батуми қаласында өткен GFC 36 x GBC 4 турниріне қатысып, бразилиялық Алан Сильваны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді. Жекпе-жек бразилиялық джиу-джитсу ережесімен өтті.