Шавкат Рахмонов Паралимпиада чемпионын қымбат көлігімен қыдыртты (ВИДЕО)
Шавкат Рахмонов пен Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовпен бірге Алматы көшелерінде қымбат жол талғамайтын көлікпен жүрген видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Жаңа жазба
Италияда өткен Паралимпиада ойындарының жеңімпазы өзінің Instagram парақшасында UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновпен бірге түскен видеоны жариялады. Кадрлардың басында спортшылар Рахмоновтың көлігінің ішінде амандасып отырған сәті көрсетіледі.
Видеоның ішкі көрінісіне қарап, бұл Шавкат Рахмонов мінетін Mercedes G-Class жол талғамайтын көлігі екені аңғарылады. Бұған дейін файтердің дәл осы үлгідегі қымбат автокөлік сатып алғаны айтылған. Сондай-ақ видеода екі спортшының Алматы ішінде серуендеп жүрген сәттері де бейнеленген. Қымбат көліктің тізгінінде — UFC-дің жартылай орта салмақтағы өкілі Шавкат Рахмоновтың өзі.
Ербол Хамитов Қазақстан қоржынына екі медаль салды
Айта кетейік, Ербол Хамитов Италиядағы Паралимпиадада Қазақстан құрамасының қоржынына екі жүлде салды. Ол парабиатлоннан алтын медаль жеңіп алса, шаңғы жарысында қола жүлде еншіледі.
Ал Шавкат Рахмонов UFC-дегі соңғы кездесуін 2024 жылдың желтоқсан айында Лас-Вегаста өткізді. Сол жекпе-жекте ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.
Жыл басында файтер аяғынан жарақат алып, кейін UFC рейтингінен тыс қалды.