Азия чемпионы миллионер атанды

Сарапшы, спорт журналисі
16.04.2026, 17:21

Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Азия чемпионатындағы жарқын жеңісінен кейін елге оралысымен қомақты сыйақыға ие болды.

instagram/@boxingkazakhstan

Чемпионға құрмет көрсетілді

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өткен Азия біріншілігінде топ жарған Сабыржан Аққалықов туған елінде ерекше құрметке бөленді. Қарағанды облысының әкімдігі халықаралық жарыста ел намысын абыроймен қорғаған боксшыны марапаттап, оған 3 миллион теңге табыстады.

Сондай-ақ жеке бапкері Александр Насибулинге 1,5 миллион теңге көлемінде сыйақы берілді. Марапатты облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей тапсырған.

Жеңімпаз көрсетілген қолдау үшін алғысын білдіріп, мұндай құрметтің жаңа белестерді бағындыруға жігер беретінін айтты. Оның сөзінше, жанашырлық пен сенім кез келген спортшы үшін үлкен мотивация саналады. Сонымен бірге спорт саласының дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға ризашылығын жеткізді.

Аққалықов Азия чемпионатында кіммен жұдырықтасты?

Сабыржан Аққалықов 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалда Өзбекстан өкілі Жавохир Абдурахимовты жеңіп, алтын медаль иеленді.

Реклама
Реклама