Неймар Қазақстанның спорт жұлдызымен кездесті (ФОТО)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:23

Данил Голубенко өзінің парақшасында әлемдік футбол жұлдызымен түскен суреттерін жариялады. 

football24.ua

Қазақстандық киберспортшы, molodoy лақап атымен танымал Данил Голубенко Бразилия футболының жұлдызы Неймармен кездесті. Спортшы фотоларын әлеуметтік желіде бөлісті.

Әлеуметтік желіде жарияланған фотоларда Голубенко "Сантос" клубының эмблемасы бейнеленген жейде киген. Ал кадрлардың бірінде ол Неймармен бірге қабырғада ілулі тұрған Лионель Мессидің Аргентина құрамасындағы жейдесінің жанында суретке түскен.

Molodoy кім?

21 жастағы Данил Голубенко – Қазақстандағы ең табысты киберспортшылардың бірі. Ол Counter-Strike 2 (CS2) дисциплинасында өнер көрсетеді және мерген (sniper) позициясында ойнайды.

Семей қаласының тумасы 2025 жылдан бері Бразилияның FURIA Esports командасының сапында өнер көрсетіп келеді.

Реклама
Реклама