Қазақстандық шорт-трекші Абзал Әжіғалиев мұз айдынында неке қиды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 19:40

Абзал Әжіғалиев әлеуметтік желіде үйлену тойынан ерекше фотосуреттер жариялады.

instagram/abzal_azhgaliyev

Салтанатты рәсім Оралдағы мұз сарайында өтті. Спортшының айтуынша, мұз айдыны оның өмірінің ажырамас бөлігіне айналған. Сондықтан дәл осы жерде алғаш рет коньки тепкен аренасында неке қию рәсімін өткізуді жөн көрген. 

“Өмірімдегі ең маңызды күндердің бірі. Өмірімнің көп бөлігі мұз айдынында өтті. Тіпті, мұз менің екінші үйіме айналды деуге болады. Сондықтан осы күнді ерекше өткізгім келді. Сол себепті неке қию рәсімін дәл сол жерде: мұз үстінде, конькимен өткізуді шештім.
Бұл үшін мен өзімнің алғашқы мұз сарайымды таңдадым - дәл осы жерде менің жолым басталып, алғаш рет коньки тепкен едім. Осы маңызды күні жанымыздан табылып, қуанышымызды бөліскен және осы шараны ұйымдастыруға көмектескен баршаңызға көп рақмет”.

Абзал Әжіғалиев шорт-тректен қатарынан төрт Олимпиадаға қатысқан және әлем кубогы кезеңінде алтын жеңіп алған алғашқы қазақстандық. 33 жастағы спортшы 2022 жылғы Пекин қысқы олимпиадасында 4-орынға ие болған.

Реклама
Реклама