Александр Овечкин қазақтың ұлттық киімімен жанкүйерлерін таңғалдырды (ВИДЕО)
Ұлттық хоккей лигасының аңызы, NHL тарихындағы үздік сұрмерген Александр Овечкин қазақтың ұлттық киімі — шапан киіп көпшілік назарына түсті.
Овечкинге шапан сыйлаған
Әлеуметтік желіде әйгілі хоккейшінің қазақы шапан киіп тұрған видеосы тарады. Ролик жас хоккейші Абылай Кенесарының парақшасында жарияланған.
Бейнежазбаға қарағанда Қазақстаннан барған отбасы Александр Овечкинмен Вашингтонда кездесіп, оған қазақтың ұлттық шапанын тарту еткен. “Вашингтон Кэпиталс” сапында ұзақ жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан ресейлік хоккейші сыйлықты қабыл алып, шапанды киіп көрген.
Овечкин балалармен бірге естелік суретке түскен. Желіде жарияланған фотоға:
“Арман орындалды”, — деп жазылған.
Пікір қалдырған қолданушылар да бұл кездесуге жылы лебіз білдірді.
“Керемет, менің ұлым да осы хоккейшімен кездесуді армандайды. Өзі де хоккеймен айналысады”,
“Ұлттық шапанымызды сыйладыңыздар ма?” — деп жазды желі қолданушылары.
Овечкин — NHL тарихындағы үздік мерген
Александр Овечкин — Ұлттық хоккей лигасының тұрақты чемпионаттары тарихындағы ең көп гол соққан ойыншы. Оның еншісінде 929 шайба бар. Бұл көрсеткіш бойынша ол бұрынғы рекорд иесі Уэйн Гретцкиден 35 голға озып тұр.
Егер Овечкин тағы бір маусымға қалуды шешсе, ол тағы бір тарихи рекордты жаңартуы мүмкін. Плей-офф ойындарын қоса есептегенде Уэйн Гретцкидің еншісінде 1016 гол бар. Ал Овечкин бұл көрсеткіштен небәрі 10 шайбаға қалып келеді.
Қазірг Александр Овечкин келесі маусымда өнер көрсететін-көрсетпейтіні туралы нақты шешім қабылдаған жоқ.