Бибісара Асаубаева Жавохир Синдаровпен бірге демалысқа кетті (ФОТО)
Жуырда спортшы Париждегі Диснейлендте түскен суреттерін жариялады.
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева өзбекстандық шахматшы Жавохир Синдаровпен бірге Еуропаға аттанды. Спортшылар ең танымал демалыс орындарының бірі - Париждегі Диснейлендке барған. Саяхат кезінде түскен суретін Бибісара Асаубаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Жарияланған кадрларда Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаров Диснейлендтің басты символдарының бірі саналатын Ұйқыдағы ару сарайының алдында суретке түскен. Сондай-ақ олар бірге айна алдында селфи жасап, қолдарымен жүрек белгісін көрсетіп тұр.
Суреттерден екі шахматшының жылы қарым-қатынасы байқалады. Асаубаева жазбасында өзінің көңіл-күйін қысқа әрі әсерлі жеткізген.
"Бала бақытты. Сіздердің сүйікті мультфильмдеріңіз қандай еді? Менікі, "Арыстан патша" мен "Рататуй" шығар", — деп жазды қазақстандық шахматшы.
Айта кетейік, Бибісара Асаубаева соңғы кездері тек спорттық нәтижелерімен ғана емес, Қазақстан шахматындағы жағдайға қатысты мәлімдемелерімен де көпшілік назарында.
Бұған дейін қазақстандық шахматшы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, Қазақстан шахмат федерациясы басшылығы мен ҚР Спорт министрлігінің жұмысына қатысты сын айтқан еді.