"Шавкаттың командасы". Рахмонов балаларымен кездесті (ФОТО)

Бокс шолушысы

Кадрлардың бірінде танымал спортшы қыздарымен бірге қаладағы демалыс орындарының бірінде отырғаны көрінеді.

"Шавкаттың командасы". Рахмонов балаларымен кездесті (ФОТО)
Meta-ratings.kz

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов балаларымен кездесті. Бұл туралы оның жұбайы Гүлайым әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Гүлайым Instagram-дағы аккаунтында Шавкат Рахмоновтың балаларымен бірге түскен бірнеше суретін бөлісті. Кадрлардың бірінде танымал спортшы қыздарымен бірге қаладағы демалыс орындарының бірінде отырғаны көрінеді. Тағы бір фотода Рахмонов кішкентай сәбиін қолына ұстап тұр.

Жарияланымға Гүлайым ағылшын тілінде "Шавкаттың командасы" деп жазды.

Отбасылық жағдайы қоғам назарында

Соңғы уақытта Шавкат Рахмонов пен оның жұбайы Гүлайымның отбасылық жағдайы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жүр. Бұған дейін Гүлайым ерлі-зайыптылардың күрделі ажырасу процесінен өтіп жатқанын мәлімдеген.

Шавкат Рахмонов бұл жағдайға қатысты көпшілік алдында пікір білдірмеген. Ал Гүлайым әлеуметтік желіде бірнеше рет резонанс тудырған жазбалар жариялады. Көктемде ол күйеуінің өзін төрт баласымен және жүкті кезінде тастап кеткенін айтқан еді.

Сондай-ақ кеше Гүлайым сторисінде жаңа мәлімдеме жасап, Шавкаттың анасынан пәтер талап еткенін және балаларының жағдайы ауыр екенін жазған.

Гүлайым Рахмоноваға қатысты сот шешімі шыққан еді

Еске салайық, 2025 жылдың жазында Гүлайым Рахмонова Жамбыл облысында жол-көлік оқиғасына тап болды. Ол Toyota Land Cruiser көлігін басқарып келе жатып, рөлге ие бола алмай қалған болатын. Салдарынан көлік аударылып, апат кезінде екі адам — оның әпкесі мен құрбысы қаза тапқан.

Жол апатынан Гүлайымның өзі және кішкентай ұлы жарақат алды. 2026 жылдың наурызында сот оны кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда жаза 5 жылға кейінге шегерілді.