Месси мен Неймар Венесуэладағы зілзаладан зардап шеккендерге қомақты қаржы бөлді

Спорт шолушысы
Бүгін, 17:50

Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Месси мен бразилиялық жұлдыз Неймар Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен халыққа қаржылай көмек көрсетті.

Global Look Press

24 маусымда Каракастан шамамен 40 шақырым қашықтықта магнитудасы 7,5 және 7,2 балл болатын екі жер сілкінісі тіркелді. Табиғи апат Латын Америкадағы соңғы жылдардағы ең жойқын зілзалалардың бірі болды. Соңғы мәлімет бойынша, апат салдарынан 1450-ден астам адам қаза тауып, 3100-ден астам тұрғын түрлі жарақатпен ауруханаларға жеткізілген. 

Неймар 250 мың доллар бөлген

El Sumario басылымының мәліметінше, Неймар гуманитарлық және құтқару жұмыстарына қолдау ретінде 250 мың доллар бөлген. Бұл қаражат зардап шеккен тұрғындарды азық-түлікпен, ауыз сумен, дәрі-дәрмекпен және уақытша баспанамен қамтамасыз етуге бағытталады.

“Жүрегім Венесуэла халқымен бірге”,деп футболшы халыққа қолдау көрсетті.

Мессидің отбасы қайырымдылыққа үлес қосты

Венесуэла халқына көмек көрсетуге Лионель Мессидің отбасы да қосылды. Athlon Sports мәліметінше, футболшының жұбайы Антонелла Роккуццо алғашқы болып 500 мың доллар қайырымдылық жасаған. Сонымен қатар ол арнайы қаражат жинау науқанын бастап, шамамен 4 миллион доллар жинаған. Жиналған қаражат табиғи апаттан зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсетуге жұмсалады.

 

Реклама
Реклама