Елена Рыбакина Уимблдоннан кейінгі демалысынан суреттер жариялады
WTA рейтингінде екінші орында тұрған теннисші Уимблдон турнирінен кейін демалысқа шыққанын көрсетті.
Демалыс қайда өтіп жатыр?
Елена Рыбакина Instagram желісінде жариялаған жазбасында тынығу сәттерін оқырмандарына ұсынды. Бірақ қазақстандық теннисші нақты қай жерде демалып жатқанын көрсетпей, геолокация белгілемеген.
Жанкүйерлер теннисшінің жаңа суреттеріне жылы лебіздерін білдіріп, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.
Уимблдондағы сәтсіздік
Еске салайық, Рыбакина 2026 жылғы Уимблдон турниріндегі өнерін үшінші айналымда аяқтады. Ол әлемдік рейтингте 27-орында тұрған бельгиялық Элизе Мертенске екі сетте жол берді.
Кездесу 6:7, 1:6 есебімен аяқталды. Осылайша жарыс фавориттерінің бірі саналған Рыбакина Лондондағы “Үлкен дулыға” турнирінен ерте шығып қалды.
Әйелдер арасындағы жекелей сында чехиялық Линда Носкова чемпион атанды. Ол финалда отандасы Каролина Муховамен кездесіп, үш сетке созылған тартысты матчта 6:2, 5:7, 6:3 есебімен жеңіске жетті.