"Менің сүйікті гроссмейстерім": Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаров АҚШ-та сыйлық алмасты

Спорт шолушысы

Қос шахматшы суреттері мен әзіл жазбалары бейнеленген футболкалармен алмасты.

"Менің сүйікті гроссмейстерім": Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаров АҚШ-та сыйлық алмасты
фото ашық дереккөзден алынды

Асаубаева мен Синдаровтың ерекше футболкалары

Бибісара Асаубаева Instagram парақшасында Жавохир Синдаровпен бірге түскен бірнеше сурет жариялады. Фотоларда шахматшылар бір-бірінің бейнесі басылған футболкаларды киіп тұрғанын көруге болады.

Синдаровқа берілген футболкада күлімдеп тұрған Асаубаеваның суреті орналастырылып, оған "Өзіне артық уәзір қамтамасыз етті" деген әзіл жазу жазылған.

Ал қазақстандық шахматшы Жавохир Синдаровтың суреті бейнеленген және "Менің сүйікті гроссмейстерім" деген жазуы бар футболка алды.

Жанкүйерлердің танымал пікірін пайдаланды

Асаубаеваның сөзінше, Синдаровқа арналған футболкадағы жазу әлеуметтік желідегі жанкүйерлер қалдырған пікірлердің арасынан таңдалған.

"Жавохирге арналған футболкаға жанкүйерлердің ең танымал пікірін қолдандым", — деп жазды Бибісара Instagram желісіндегі сторисінде.

Майамидегі турнирге дайындық

Қәзір Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаров АҚШ-тың Майами қаласында жүр. Олар демалысты алдағы жарыстарға дайындықпен қатар алып жатыр.

Қос шахматшы 27–28 шілде күндері WR Chess Rapid and Blitz 2026 турнирінде өнер көрсетеді. Жарыс бағдарламасына рапид және блиц шахмат бәсекелері енген.

20 жастағы Жавохир Синдаров үшін Майамидегі турнир әлем чемпионы атағы үшін өтетін матч алдындағы маңызды дайындық кезеңдерінің бірі болмақ.

Өзбекстандық гроссмейстер әлемдік шахмат тәжіне таласатын кездесуде қазіргі әлем чемпионы Гукеш Доммараджумен ойнайды. Синдаров бұл мүмкіндікке Үміткерлер турнирінде жеңіске жету арқылы ие болды.