Назым Қызайбай тұрмысқа шығу туралы ойын ашық айтты
Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай жеке өмірі мен тұрмысқа шығу жоспары туралы пікір білдірді.
Бұл туралы спортшы OYLA PODCAST YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
“Қазір басты мақсатым – спорт”
Боксшының сөзінше, жақындары оған тұрмысқа шығу туралы жиі еске салады. Алайда қазіргі таңда оның басты назарында спорттық мансабы мен алға қойған мақсаттары тұр.
“Қазір 33 жасқа толдым. Ата-анам мен туыстарым: "Күйеуге қашан шығасың? Жасың келді ғой" деп айтып жатады. Өзіңнің мақсатың болса соны ойлап жүре бересің, басқа нәрсені ойлаймайсың. Отбасы құру туралы көп ойлай бермеймін, анда-санда болады кейбір сәттерде ойлап қаласың. Қазір мен үшін мансап маңызды, спорттағы мақсаттарыма жетуім керек. Махаббат немесе отбасы ол өзіңе бұйырған кезде адамыңды жолықтырсаң ештеңеге қарамайсың деп ойлаймын.”
Назым Қызайбай - Қазақстан тарихында әйелдер арасындағы тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы. Ол әлем чемпионаттарының алтын медальдарын 2014, 2016 және 2025 жылдары жеңіп алды. Сонымен қатар, спортшы 2024 жылғы Париж Олимпиадасында 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.