Жарнама
Жарнама

Дастан Сәтпаевты анасы мен інісі 18 жасқа толуымен ерекше құттықтады

Қазақстан құрамасы және ағылшындық "Челсидің" шабуылшысы Дастан Сәтпаев 12 тамызда 18 жасқа толды.

Дастан Сәтпаевты анасы мен інісі 18 жасқа толуымен ерекше құттықтады
instagram.com/madina01m/

Анасы жүрекжарды тілегін арнады

Қазақстан футболының жас жұлдызы Дастан Сәтпаев бүгін кәмелет жасына толды. Осыған байланысты футболшының отбасы оны туған күнімен құттықтап, әлеуметтік желіде бұрын жарияланбаған отбасылық кадрларын жариялады. 

Дастанның анасы Мәдина Сәтпаева Instagram Stories парақшасында ұлымен бірге түскен архивтік суретті жариялады.

“Дастан, жүрегім менің, туған күніңмен. Сені жақсы көремін”, – деп жазды анасы.

Жылы лебіз жазылған сурет жанкүйерлердің де назарын аударды.

Інісі де ағасын құттықтады

Дастан Сәтпаевтың туған күніне орай оның інісі Темірхан Сәтпаев та ағасына арнайы жазба арнады. Ол Instagram Stories-те Дастанмен бірге түскен ескі суретін жариялап:

“Туған күніңмен, бауырым”, – деп қысқа әрі әсерлі құттықтауын жеткізді.

Осылайша Сәтпаевтар отбасы футболшының өміріндегі маңызды күнді архивтік фотолар мен жылы тілектер арқылы атап өтті.

Жарнама
Жарнама