Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық теннисші Римде француз қарсыласын жеңіп кетті

Сарапшы, спорт журналисі
22.04.2025, 16:32

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Италия астанасы Римде өтіп жатқан ATP турнирінде сәтті өнер көрсетіп жатыр. Ол бірінші айналымда француз спортшысын жеңіп, жарысты жалғастыру құқығына ие болды.

vesti.kz
Реклама
Реклама

24 жастағы Скатов алғашқы айналымда француз Антуан Корну-Шовинкті 7:6 (7:1), 6:4 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 2 минутқа созылды. Бұл — қос спортшы арасындағы алғашқы кездесу, есепте Скатов – 1:0 Корну болып тұр.

Келесі қарсыласы алдағы уақытта анықталады.

Тимофей Скатов кім?

  • Петропавлда туған, бала кезінде отбасымен бірге Ресейге қоныс аударған.
  • 2016 жылы Ресей құрамасы сапында жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогын жеңіп алған.
  • Жасөспірімдер арасында әлемнің №1 ракеткасы атанған.
  • 2018 жылы 17 жасында Қазақстан азаматтығын қабылдап, біздің елдің намысын қорғай бастады.
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары