Қазақстандық теннисші Римдегі турнирдің ширек финалына жолдама алды
23.04.2025, 20:28
Тимофей Скатов Италия астанасы Римде өтіп жатқан халықаралық турнирдің ширек финалына жолдама алды.
vesti.kz
1/8 финал кезеңінде Скатовтың қарсыласы италиялық Стефано Травалья болуы керек еді. Алайда ол кортқа шықпағандықтан Тимофей автоматты түрде келесі кезеңге өтті.
Енді отандасымыз ширек финалда австриялық Лукас Ноймайермен кездеседі. Бұл матч Скатовтың турнирдегі басты сынақтарының бірі болмақ.
Еске сала кетейік, турнирдің алғашқы кезеңінде Тимофей Скатов француз Антуан Корне-Шовинкті екі сетте сенімді түрде 7:6, 6:4 есебімен.жеңген болатын.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама