Александр Бублик Мадридтегі Мастерсте екінші айналымға өтті

Редактор Penalty.kz
24.04.2025, 00:26

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP №75) Мадридте өтіп жатқан топырақтағы ATP Masters турнирінің екінші кезеңіне жолдама алды.

sportskeeda.com

Бублик өзіне тән емес грунттық жабында ойнаса да, алғашқы айналымда Алекс Микельсенді (ATP №38, АҚШ) екі тай-брейкте жеңіп шықты – 7:6, 7:6. Бұл матчта Бублик өзінің ерекше стилін көрсетіп, қолмен соққан доп пен онға жуық эйс жасап, көрермендерді тәнті етті. Бірнеше эйсті тіпті екінші доппен жасағанын атап өткен жөн.

Бұл жеңіс үшін Александр Бублик 30 ATP рейтингілік ұпай мен 30 895 еуро көлемінде жүлде қаржысын иеленді. Оны екінші айналымда әлемнің 26-ракеткасы, австралиялық Алексей Попырин күтіп тұр.

Мадридтегі әйелдер арасындағы сында Қазақстан намысын:

  • Елена Рыбакина
  • Юлия Путинцева
  • Анна Данилина қорғайды.