Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Мадридте оттай ойнаған қазақстандық теннисші ауыр матчта жеңіске жетті

Сарапшы, спорт журналисі
25.04.2025, 18:32

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдік деңгейдегі ATP-1000 турнирінде келесі айналымға өтті. 

orda.kz
Реклама
Реклама

Әлемнің 75-ракеткасы атанған Бублик Мадридтегі турнирдің екінші айналымында австралиялық Алексей Попыринді тартысты матчта тізе бүктірді.

  • Матч нәтижесі: 6:4, 6:6 (7:4).
  • Ойын ұзақтығы: 1 сағат 52 минут.

Бұған дейінгі жеке кездесулер есебінде Попыриннің басымдығы байқалса (Бубликке қарсы 3:1), бұл жолы қазақстандық теннисші қарымта қайтара алды.

Бублик үшінші айналымда ресейлік Андрей Рублев пен француз Гаэль Монфис жеңімпазымен кездеседі. 

Александр Бублик қазіргі замандағы ең есте қаларлық және ерекше теннисшілердің қатарында. Ол:

  • Стандартқа сыймайтын ойын мәнерімен,
  • Талантты шеберлігімен,
  • Матч барысында және корт сыртында эмоциясын жасырмайтын ашық мінезімен ерекшеленеді.

Бубликтың осындай даралығы оны тек Қазақстанда ғана емес, әлемдік аренада да ең көп талқыланатын және қызу пікірталас туғызатын спортшылардың біріне айналдырды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары