Елена Рыбакина Мадридтегі турнирді ірі жеңіспен бастады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 03:58

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 11-орында) Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан беделді турнирді сәтті бастады. 

sport5.by

Турнирдің екінші айналымында Рыбакина канадалық Бьянка Андреескумен (WTA рейтингінде 132-орында) кездесті. Қазақстандық спортшы қарсыласын екі сетте де айқын басымдықпен ұтып, матчты 6:3, 6:2 есебімен аяқтады. Бұл жеңіс Еленаға үшінші айналымға жолдама алып берді.

Айта кетейік, Елена Рыбакина үшін бұл Мадрид турниріндегі алғашқы ойын болды. Биылғы бәсекенің жалпы жүлде қоры — 7 854 000 еуро. Жекелей сында жеңіске жеткен теннисші 985 030 еуро ақшалай сыйлық пен 1000 рейтингтік ұпай алады.

Өткен жылғы Мадрид турнирінің жеңімпазы — әлемдік рейтингте екінші орында тұрған польшалық теннисші Ига Швёнтек.