Қазақстан теннисінің аңызы Прагада драмалық матч өткізді

Редактор Penalty.kz
06.05.2025, 19:40

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Чехия астанасы Прагада өтіп жатқан ATP Challenger санатындағы турнирдің екінші кезеңіне жолдама алды.

ulyssport.kz

Кукушкин турнирдің алғашқы кезеңінде чехиялық Максим Мрвамен кездесіп, тартысты матч көрсетті. Ойын 2 сағат 11 минутқа созылып, 6:0, 5:7, 6:4 есебімен қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталды.

Қазақстандық теннисші матч барысында сегіз брейк жасап, қарсыласын қысымда ұстады. Бұл тәжірибелі ойыншының әлі де бәсекеге қабілетті екенін көрсетті.

Турнирдің екінші айналымында Кукушкин словак Лукаш Клейнмен кездеседі.

Айта кетейік, 37 жастағы Михаил Кукушкин — қазақстандық теннис тарихындағы ең танымал ойыншылардың бірі. Ол:

  • 14 жыл бойы Қазақстан құрамасының намысын Дэвис кубогында қорғады.
  • Оның көмегімен ел құрамасы 6 рет осы турнирдің ширек финалына шықты (2011, 2013, 2014, 2015, 2018, 2021).