Қазақстандық теннисші Сербиядағы турнирде жартылай финалға шықты

Редактор Penalty.kz
23.05.2025, 16:20

Жібек Құламбаева Сербияда өтіп жатқан ITF 75 санатындағы халықаралық турнирде (19–25 мамыр) жекелей сында қатарынан үшінші рет жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты. Бұл жарыстың жүлде қоры 60 мың АҚШ долларына тең. 

dknews.kz

Франческа Курмиді үш сетте жеңді

Құламбаева ширек финалда Мальта елінің өкілі, WTA рейтингінде 369-орында тұрған Франческа Курмиді үш сетке созылған тартысты кездесуде жеңді. Есеп: 6:4, 2:6, 6:2

Жарыс топырақ жабындысында өтіп жатыр, ал бұл Жібек үшін сирек тәжірибе болса да, ол бұл жолы өзін шеберлігін дәлелдеді.

Келесі қарсылас – Болгарияның жас үміті

Жартылай финалда Құламбаева Болгария теннисінің болашағы саналатын 21 жастағы Лия Каратанчевамен кездесуі мүмкін. Айта кету керек, Лия — экс-қазақстандық теннисші Сесиль Каратанчеваның туған сіңлісі. Сесиль 2009–2014 жылдар аралығында Қазақстан намысын халықаралық ареналарда қорғаған.