Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Елена Рыбакина тартысты матчта Страсбург турнирінің финалына шықты

Редактор Penalty.kz
23.05.2025, 20:55

Әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан беделді WTA 500 санатындағы турнирдің финалына жолдама алды.

forbes.kz
Реклама
Реклама

Бразилиялық қарсыласын үш сетте тізе бүктірді 

Рыбакина жартылай финалда әлемдік рейтингтің 23-сатысында тұрған Бразилия спортшысы Беатрис Хаддад Майямен кездесіп, тартысты үш сетте басым түсті:7:6, 1:6, 6:2.

Бірінші сет тай-брейкке ұласып, Рыбакина жүйке мықтылығын көрсетті. Екінші сетте бразилиялық ойын тізгінін қолға алғанымен, үшінші сетте қазақстандық теннисші толық үстемдік орнатып, сенімді жеңіске жетті.

Финалдағы қарсыласы кім болады?

Финалдық кездесуде Рыбакина АҚШ теннисшісі Даниэль Коллинс (WTA 46) мен ресейлік Людмила Самсонова (WTA 19) арасындағы жеңімпазбен ойнайды. Бұл ойын да айрықша тартысты болатыны анық.

Жүлде қоры мен ұпайлар

18–24 мамыр аралығында өтіп жатқан Страсбург турнирінің жеңімпазы:

  • 142 610 еуро сыйақы
  • 500 рейтингтік ұпай
  • ие болады.

Айта кетейік, былтыр бұл турнирде америкалық Мэдисон Киз топ жарған болатын.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары