Елена Рыбакина "Ролан Гарростың" қазіргі чемпионымен сынға түсті

Редактор Penalty.kz
01.06.2025, 19:38

Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінің 1/8 финалында польшалық теннисші, төрт дүркін "Үлкен дулыға" иегері Ига Швёнтекпен жолықты.

motorcyclesports.net

Матч барысы: шайқас екі сағаттан астам уақытқа созылды

Париж кортында өткен кездесу үш сетке созылып, нағыз драмаға айналды. Алғашқы партияда қазақстандық спортшы сенімді ойын көрсетіп, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Бірақ Швёнтек екінші сетте қарымта қайтарып, 6:3 есебімен басым түсті. Үшінші шешуші сет аса тартысты өтіп, 7:5 нәтижесімен польшалыш теннисшінің пайдасына шешілді.

Турнирден кетсе де, Рыбакина үмітті ақтады

Осылайша, Елена Рыбакина 2025 жылғы "Ролан Гаррос" турнирімен қош айтысты. Дегенмен оның көрсеткен ойыны жоғары деңгейдегі дайындық пен чемпиондық мінездің айғағы болды. Әсіресе алғашқы сеттегі үстемдігі жанкүйерлер мен сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды.

Ал Ига Швёнтек болса, жарыстың келесі кезеңіне өтіп, ширек финалда украиналық теннисші Элина Свитолинамен (WTA №14) кездеседі.